Постников «Астананың» оқу-жаттығу жиынына қатыспады

01.02.2021, 22:24
«Астана» осы аптада Түркияға аттанбақ.
Постников «Астананың» оқу-жаттығу жиынына қатыспады

34 жастағы қазақстандық қорғаушы Евгений Постников "Астананың" Нұр-Сұлтанда өткен соңғы оқу-жаттығу жиынына қатыспады, деп хабарлайды KazFootball.kz.

Еске салайық, "Астана" алғашқы оқу-жаттығу жиынын 15-30 қаңтар аралығында Нұр-Сұлтанда өткізді. Қорғаушының елордалық клубпен келісімшарты 2021 жылдың соңына дейін есептелген.

Евгений Постников "Астанаға" 2014 жылы қосылды. 2016 жылы ол Латвияның "Вентспилс" командасында жалда ойнады, содан кейін елордалық клубқа қайта оралды. Ол "Астана" сапында 223 матч өткізіп, 5 гол соқты, 5 нәтижелі пас берді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×