Премьер-Лига: 14 тур. Ойыннан кейін

09.06.2011, 05:27
Премьер-Лига: 14 тур. Ойыннан кейін
Бүгін Ұлттық Премьер-Лиганың  14-ші  туры аясында алты кездесу өтті. Бұл кезеңде өткен турдағыдай күтпеген нәтижелер бола қоймады. Дегенмен, қызықты ойындар болмады деу де орынсыз. Мысалы, «Шахтерді» өз алаңында жеңген «Жетісу» үшінші орынға көтерілді. Ал «Астананы» тас-талқан қылған «Ертіс» бұл жолы сырт алаңда «Тобылдан» оңбай ұтылды. 14 тур ойындары, 08.06.2011 «Ақтөбе»  3 – 0  «Восток» ( Құрмашев 28, Мане 57, Кенжесариев 79). «Қайраттан» ірі есеппен ұтылған ақтөбеліктер өз жанкүйерлерінің алдында осылайша кешірім сұрады. Дегенмен, «Ақтөбе» 29 ұпаймен әлі де болса көш басындағы «Астанадан» 1 ұпай қалып келеді. Ал Өскемендік команда осы ойыннан кейін соңғы он екінші орынға түсіп қалды. «Астана»  3 – 2  «Атырау» (Рожков 23 (1:0), Жұмасқалиев 35 (2:0), Нөсербаев 67 (3:0), Алейников 74 (3:1), Алейников 79 (3:2) ). Осы жеңістен кейін «Астана» 30 ұпаймен бірінші орында келеді. Тең нәтижеге сәл ғана жетіңкіремеген «Атырау» сол 15 ұпайымен тоғызыншы орында. «Жетісу»  1 – 0  «Шахтер» (Бакаев 28, пенальтиден). Ойынға дейін турнир кестесінің үшінші сатысында келе жатқан «Шахтер» кездесуден кейін «Жетісумен» орын ауысты.Талдықорғандық командада 28 ұпай, қарағандылық клубта 26 ұпай. «Ордабасы»  1 – 1  «Қайсар» ( Касьянов 17 (1:0), Тағыберген 85 (1:1) ). Оңтүстіктік дербиден кейін «Ордабасы» 21 ұпаймен алтыншы орынға тұрақтады.Ал Шымкенттен 1 ұпай алып қайтқан «Қайсар»  9 ұпаймен он бірінші орынға көтерілді. «Тараз»  1 – 0 «Қайрат» ( Диакате 30). 14 турдың жұмбақ кездесуі алаң иелерінің жеңісімен аяқталды.Осы кездесуден кейін «Тараз» 15 ұпаймен сегізінші, ал «Қайрат» оныншы орынға тұрақтады. «Тобыл»  4 – 1 «Ертіс» ( Гридин 16 (1:0), Заречный 38 (1:1), Волков 44 (2:1), Бекрич 47 (3:1), Гридин 66 (4:1) ). 14 турдың орталық кездесуі жанкүйерлердің көңілінен шыға білді.Тек керекуліктердің емес. «Тобылды» тобықтан шала алмаған «Ертіс» 23 ұпаймен бесінші орында.Ал өз алаңында жеңіске жете білген қостанайлықтар 17 ұпаймен жетінші орынға көтерілді. Несіпбаев Нұршапағат
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×