Премьер-лига. ІІІ тур: “Ақтөбе” “Тобылды” тобықтан қақты

18.03.2011, 18:35
Премьер-лига. ІІІ тур: “Ақтөбе” “Тобылды” тобықтан қақты
Футболдан Қазақстан чемпионатының үшінші туры да қыр астында қалды. Жұрт күткен «Ақтөбе» мен «Тобыл» арасындағы ойында батыстық команда жеңіске жетті. «Ақтөбе» — «Тобыл» 2:1 (0:0) Голдар: Гридин 54 (0:1), Мане 75 (1:1), Мане 86 (2:1) Суретте: Гридин есеп ашты «Тобыл» алда тұрған басында. Куантаев шығарған пасқа бірінші жеткен Гридин есеп ашқан. Ал ойын соңына таман «Ақтөбе» сапындағы қара маржан Малик Мане есепті теңестіріп, артынша өз командасына маңызды үш ұпайды сыйға тартты. Шыны керек, қазір «Ақтөбенің» қарқыны қатты. «Тобылдың» әр басқан қадамында нақты ойынның мәнері жоқ. Сабитов командасын тез жинамаса, алғашқы үштіктен орын алудың өзі мұңға айналуы ғажап емес. «Восток» – «Атырау» 2:2 (2:0). Голдар: Ковачев 18 (1:0), Добрич 40 (2:0), Зито 57 (2:1), Зито 90+3 (2:2). «Восток» қолда тұрған жеңісті «сындырып» алды. Дегенмен, Масудов шәкірттерінің аяқ алысы жаман емес. Өкініштісі сол, «Восток» чемпионатты бастауын бастайды тәп-тәуір. Бірақ орта тұста шабан тартып, жеңіліске малшынып шыға алмайтын сәттері көп. Сол «дәстүр» биылда өз ізін жалғамаса деген ниетте бар… «Ордабасы» — «Жетісу» 0:1 (0:1) Гол: Бакаев 17 (0:1) Өзбек легионері соққан жалқы доп сырт алаңда «Жетісуға» жеңіс сыйлады. Өткен турда дәл осындай есеппен «Локомотивке» ұтылған шымкенттік команда қазір турнир кестесінің соңында тұр. «Тараз» — «Локомотив» 1:2 (0:2) Голдар: Алиев 8 (0:1), Нөсербаев (0:2), Степанович 61 (1:2) «Тараздың» да жағдайы мәз емес. Өз алаңында «Локомотивке» есе жіберген бұл команда қазір арттан санағанда бірінші… Қазір Танаттың жұлдызды шағы. Тіліміз тасқа, қазақ футболында Самат пен Нұрболдың ізін жалғар үздік осы Танат десіп жүр жұрт. «Қайрат» — «Қайсар» 0:0 Ойын барысында «Қайраттың» басымдылығы көзге ұрып тұрды. Бірақ қызылордалық команда тең нәтижені ұстап тұра алды. «Шахтер» — «Ертіс» 3:0 (0:0) Голдар: Байжанов пенальти 53 (1:0), Хижниченко 73 (2:0), Көкеев 90 (3:0) Ойын алдында тең нәтижеге үміт артқан қос команда матч барысында «Шахтердің» айқын жеңісімен аяқталды. Осы нәтижеге қарап, біздің біріншіліктегі командалардың күш басымдылығын айқындауға мүмкіндік жоқтығына көз жетті.Кесте О Команда О Ж Т Ұт Г Ұп 1 «Ақтөбе» 3 3 0 0 7 – 3 9 2 «Шахтер» 3 2 0 1 5 – 2 6 3 «Жетісу» 3 2 0 1 3 – 1 6 4 «Локомотив» 3 2 0 1 3 – 3 6 5 «Восток» 3 1 2 0 4 – 3 5 6 «Атырау» 3 1 1 1 4 – 4 4 7 «Қайрат» 3 1 1 1 1 – 1 4 8 «Тобыл» 3 1 0 2 4 – 3 3 9 «Ертіс» 3 1 0 2 3 – 6 3 10 «Ордабасы» 3 1 0 2 1 – 2 3 11 «Қайсар» 3 0 2 1 1 – 3 2 12 «Тараз» 3 0 0 3 1 – 6 0 Мергендер Ойыншылар Команда Г (П) 1 Хайруллин Марат «Ақтөбе» 3 (0) 2 Добрич Саша/Малик Мане «Восток»/”Ақтөбе” 2 (0) 3 Лисенков Сергей «Ақтөбе» 2 (0) 4 Нөсербаев Танат “Локомотив” 2 (0) 5 Мұжықов Серікжан «Жетісу» 1 (0) 6 Остапенко Сергей «Жетісу» 1 (0) 7 Нұрғалиев Азат «Ордабасы» 1 (0)
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Алдыңғы жаңалық
3-тур статистикасы
Серіктес жаңалықтары
×