2013 жылдың 2 қаңтар күні ҚФФ-ның Атқару комитеті өзінің кезекті жиналысын Алматы қаласында өткізіп,мынадай шешімін қабылдады:
1.2012 жылдың 27 желтоқсанынына дейін "Қайсар" (Қызылорда) клубы өзінін қарыздарын өтеу керек болған. Аталған мерзімде қарыздарын төлей алмағасын келесі маусымда бірінші лига да өнер көрсететін болады.
2. Футболдан 2013 жылғы Қазақстан чемпионатының премьер-лигасында енді 12 команда ойнайтын болады. Олар мыналар:
1. «Шахтёр» (Қарағанды)
2. «Ертіс» (Павлодар)
3. «Ақтөбе» (Ақтөбе)
4. «Тараз» (Тараз)
5. «Астана» (Астана)
6. «Тобыл» (Қостанай)
7. «Ордабасы» (Шымкент)
8. «Ақжайық» (Орал)
9. «Қайрат» (Алматы)
10. «Атырау» (Атырау)
11. «Жетісу» (Талдықорған)
12. «Восток» (Өскемен)
Бір кездері негізі құрамында жеті қазаққа дейін ойнап,қазақ жанкүйерлерінің ыстық ықыласына бөленген "Қайсардың" тағдыры осылай болды.Тіпті, Мақсат Байжанов, Дәуренбек Тәжімбетовтер ойнаған 2009 жылы, төртінші орынға табан тіреген болатын. Келесі жылы қайта оралар деп,үміттенеміз...