“Челсидың” бүгінгі қозғаушы күші

04.01.2013, 03:56
“Челсидың” бүгінгі қозғаушы күші

khuan-mata_1337279107441850146mata Мануэ́ль Ма́та Гарси́я (исп. Juan Manuel Mata García)- 1988 жылы Испанияның Бургос аймағында дүниеге келген.Испания ұлттық құрамасымен «Челсидың» жартылай қорғаушысы.Әлем чемпионатын сосын жастар арасындағы Еуропа чемпионатын ұтқан әлемдегі екі ойыншының бірі.

Хуан Мата алғаш футболдағы қадамын «Реал Овьедо» клубында бастаған болатын.Осылайша футболдағы қадамы басталып та кетті. 15 жасқа толғанда, «Реал Мадрид» клубына ауысты.2006—2007 жылдар аралығында «Реал Мадрид Б»,клубында доп теуіп, 39 ойын өткізіп 10 доп соқты. 2007 жылы «Валенсия» клубының жартылай қорғанысының көркі болған үздік ойыншыларының бірі Висенте ауыр жарақат алады, клуб басшылары оның орнына жаңа ойыншы іздей бастайды. «Іздегенін алдынан,іздемей-ақ табылар» дегендей «Реал Мадридтың» жастар құрамасында ойнап жүрген 20 жасар Матаны сатып алады.Міне, осылай Матаның жұлдызды шағы басталады.Давид Вилья, Давид Силвамен қатар тізе қосып «Валенсияның» шабуыл шебін күшейтуге барын салды. 2008 жылдың 20-шы наурызында Испания кубогының жартылай финалында "Барселона" клубына қарсы өткізген ойында өзінің алғашқы голын соғады.Финалдық бәсеке де «Хетафемен» өткізген «Валенсия» 3:1 есебімен жеңіп кубокты ұтып алды. Соғылған үш доптың бірін Хуан Матаның еншісінде.

pic

       Сол кезде Испаниядағы атақты «Marca»: газеті былай жазды:

Хуан Мата қазіргі кездегі Испаниядағы ең таланты ойыншылардың бірі. Боян Кркич,Дос Сантос үшеуі Испания футболының болашағы болары сөзсіз. Осылай жарқын ойындарын көрсетер болса,алдағы уақытта Испанияның ұлттық құрамасының негізгі ойыншысы болары анық.

2011жылдың 24 қаңтарыңда «Валенсиямен» келісім-шартты 2014 жылға дейін ұзартты.Матаны өз қатарына қосқысы келетін клубтары саны күннен-күнге арта түсті.Сол жылы жазда, «Арсенал» өз қатарына қосу үшін 25 млн евро санап беруге дайын болды,,бірақ бұл келсімнен бас тартты.

2011 жылдың 22 –ші тамызда « Челси» клубына ауысады,матаның тандауы зеңбірекшілер емес,ақсүйектер болды. Алғашқы голын «Норвич Сити» клубына қарсы өткізген ойында соқты.

Ұлттық құрамада

17 жасқа дейінгіЕуропа чемпионатында Испания құрамасы бас жүлде еншіледі.Осы турнирде Мата 5 ойында 4 гол соғып, мергендер тізімінде бесінші болып, жарыстың символикалық құрамасына кірді. 2007 жылдың ақпан айынан бастап жастар құрамасына шақырыла бастады.21 жасқа дейін жастар арасындағы Еуропа чемпионатының іріктеу матчында,Қазақстанға қарсы Алматыда өткен ойында осы Хуан Мата да келген болатын.

Испания ұлтық құрамасына 2003 жылдан бастап шақырыла бастады.осы күнге дейін 18 ойын өткізіп,6 гол соққан.Еуро-2012 финалында Италияға қарсы өткізген ойында соғылған 4 голдың біреуін өзі атына жазды. Биылғы жылы Лондонда өткен жазғы олимпиада ойындары аясында 3 ойын өткізіп, командасы сәтсіздікке ұшырады,яғни топтық кезеңен әрі аса алмады.

       Жеке өмірі

Мадрид қаласының политехникалық университетінде оқып,журналистика мамандығын алып шықты.Футболдан бөлек,үстел теннисін ойнағанды жақсы көреді.

   Жетістіктері

«Валенсия»

Испания кубогының иегері (1): 2008

«Челси»

Англия кубогының иегері (1): 2012

Чемпиондар лигасының жеңіпмазы  (1): 2012

Испания құрамасы

19 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы Европа чемпионы (1): 2006

21 жасқа дейінші жастар арасында Европа чемпионы (1): 2

Европа чемпионы  (1): 2012

Әлем чемпионы      (1): 2010

Хуан Мата биылғы маусымда "Челсидың" сапында 18 ойын  өткізіп 7 гол соқты. Осылайша бұл күндері ақсүйектердіі көшбасшы ойыншыларының біріне айналып отыр.

                                                                                                                                                                                                                                   Бек Төлеуов

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×