Премьер-Лигаға алғашқы панамалық ойыншы келуі мүмкін
05.02.2017, 03:17
Премьер-Лигаға алғашқы панамалық ойыншы келуі мүмкін
Қазақстан біріншілігіне алғашқы панамаалық ойыншы келуі мүмкін.
Панама ұлттық құрамасының бұрынғы жартылай қоғаушысы Нельсон Бараона жақын арада көкшетаулық "Оқжетпестің" сапын толықтыруы мүмкін. Бұл жайында шетелдік "Dia a Dia" порталы мәлімдеді.
29 жасар панамалық ойыншы мансабын оңтүстікамерикалық командалар сапында өткізген. Соңғы командасы "Альянса Петролера". Аталған команданың қатарында 23 рет алаңға шығып, 2 гол соққан.