«Қайрат» қосымша тағы бір ойын өткізбек

05.02.2017, 03:09
«Қайрат» қосымша тағы бір ойын өткізбек
«Қайрат» қосымша тағы бір ойын өткізбек «Қайрат» футбол клубы Түркиядағы оқу-жаттығу жиынында қосымша бір жолдастық матч өткізеді. Ойын 6 ақпанда Алматы уақытымен 20:00-де басталады. Қарсылас босниялық «Младост» клубы болмақ. Ойыншылардың басым бөлігі ойын тәжірибесін алу үшін команданың бапкерлік штабы осындай қадамға барған. Ойлары мынадай: 5 ақпанда өтетін матчқа ойыншылардың белгілі бір тобы ғана шығып, солар ойынды толық өткізеді. Ал кейін екінші кездесуде алаңға басқа футболшылар шығады. Осылайша, «Қайрат» футбол клубының әр ойыншысы ойын тәжірибесін алып, физикалық дайындығын жақсарта түседі. «Қайрат-ТВ» командасы бұл ойынды тікелей эфирде көрсетеді. Нұрсұлтан Оразымбет
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×