Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы өткен маусымды қорытындылауды жалғастыруда. Футбол клубтарының жетекшілері, бас бапкерлері, сонымен қатар команда капитандарының дауыс беру нәтижелері бойынша Премьер-лиганың үздік ойыншылары анықталды.
«OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионатының ең үздік шабуылшысы» номинациясында алматылық «Қайраттың» легионері Вагнер Лав топ жарды. Ол 80 ұпай жинады.
Үздіктер тізімі келесідей:
1. Вагнер Лав («Қайрат») – 80 ұпай;
2. Абат Айымбетов («Қайрат») – 66 ұпай;
3. Элгуджа Лобжанидзе («Қайсар») – 33 ұпай;
4. Сергей Зенев («Шахтер») – 11 ұпай;
5. Педро Эуженио («Жетісу») – 8 ұпай.
Біздің серіктес: FONBET