Премьер-лиганың келесі маусымында өнер көрсететін барлық командалар анықталды

25.11.2020, 16:51
«Каспий» Премьер-лигадағы орнын сақтап қалды.
Премьер-лиганың келесі маусымында өнер көрсететін барлық командалар анықталды

ҚПЛ-дің 20-тур матчтарынан кейін турнирдің келесі маусымында өнер көрсететін барлық қатысушылар анықталды.

Сонымен, Көкшетаудың «Оқжетпесі» бірінші лигаға түсіп қалса, Премьер-лигаға «Ақтөбе» мен «Атырау» жолдама алды.

ҚПЛ-2021 қатысушылары:

«Қайрат» (Алматы), «Астана» (Нұр-Сұлтан), «Тобыл» (Қостанай), «Ордабасы» (Шымкент), «Шахтер» (Қарағанды), «Жетісу» (Талдықорған), «Қайсар» (Қызылорда), «Тараз» (Тараз), «Қызыл-Жар СК» (Петропавл), «Каспий» (Ақтау), «Ақтөбе» (Ақтөбе), «Атырау» (Атырау).

Еске салайық, «Қайрат» бұл маусымда мерзімінен бұрын чемпион атанды. «Күміс» пен «қола» жүлденің иегерлері әлі анықталған жоқ. Сондай-ақ, қаржылық мәселелерге байланысты павлодарлық «Ертіс» турнирден шығып қалған еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×