Срджан Благоевич: «Бізге ешкім сенбеді, бірақ біз тек үнсіз жұмыс істедік»

25.11.2020, 17:08
«Каспий» жанкүйерлеріне командасының Премьер-лигадағы матчтарын стадионнан көру мүмкіндігі бұйырды.
Срджан Благоевич: «Бізге ешкім сенбеді, бірақ біз тек үнсіз жұмыс істедік»

"Каспийдің" бас бапкері Срджан Благоевич Премьер-Лиганың 20-турындағы "Таразға" (1:0) қарсы ойын туралы пікір білдірді:

- Біріншіден, мен ойыншыларды қазіргі жағдайда қол жеткізген елеулі нәтижесімен құттықтағым келеді. Біз чемпионаттың аяқталуына екі тур қалғанда Премьер-лигадағы орнымызды сақтап қалдық. Бұл керемет ерлік. Ойыншылар мінезін, күші мен ойын сапасын көрсетті. Бізге ешкім сенбеді, бірақ біз тек үнсіз жұмыс істедік. Соңғы 2 ойын психологиялық жағынан қиын болды.

"Тараз" - өте қиын қарсылас және ұйымшыл команда. Біз ойынды қалағанымыздай бастай алмадық. "Оқжетпеспен" болған ойыннан кейін қалпына келу оңай болған жоқ. Жалпы, бүкіл маусым біз үшін қиын болды. Ақыр аяғында біз жетістікке лайық болдық деп ойлаймын. Бізді қолдап, бізге сенгендердің барлығына рахмет.

Алайда, ең үлкен еңбек ойыншыларға тиесілі. Олар еткен еңбектері арқылы маңызды нәтижелерге қол жеткізуге болатындығын көрсетті. Бұл жағдай "Каспий" жанкүйерлерінің де көңілінен шығады деп сенемін. Сонымен қатар келесі жылы жанкүйерлер Премьер-Лига матчтарын Ақтауда тамашалайды деп үміттенемін.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×