Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы мамыр айының үздік бапкерін анықтау мақсатында ел біріншілігіндегі команда бас бапкерлерінің арасында сауалнама өткізді.
Нәтижесінде «Атырау» ФК бас бапкері Константин Горовенко өткен айдың үздігі атанды. «Мұнайшылар» мамыр айында өткен төрт ойында 8 ұпай жинады. Нақтырақ айтсақ, екі рет жеңіске жетіп, екі кездесуді тең аяқтады. Осы нәтиженің арқасында «Атырау» турнир кестесіндегі көшбасшылардың қатарына енді.
Екінші және үшінші орындарды «Каспий» командасының бас бапкері Николай Николов Костов пен «Тараздың» тәлімгері Нұркен Мазбаев иеленді.
Біздің серіктес: FONBET