Премьер-лиганың мамыр айындағы үздік ойыншысы анықталды

14.06.2022, 20:19
Бұл футболшы мамыр айында өткен төрт ойында 5 гол соғып, 2 нәтижелі пас берді.
Премьер-лиганың мамыр айындағы үздік ойыншысы анықталды

Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы 2022 жылғы мамыр айының үздік ойыншысын анықтау мақсатымен ел біріншілігіндегі командалардың бапкерлері мен капитандары арасында дәстүрлі түрде сауалнама өткізді. 

Сауалнама қорытындысы бойынша Қазақстанның өткен айдағы үздік ойыншысы болып «Атырау» шабуылшысы Андрия Филипович танылды. Мамыр айында өткен төрт ойында хорватиялық футболшы 5 гол соғып, 2 нәтижелі пас берді.


Екінші орынды «Астананың» шабуыошысы Марин Томасов иеленді. Елордалық команданың вице-капитаны «Қайратпен» болған ойында хет-трик жасады, сонымен қатар екі нәтижелі пас берді. 


«Астананың» тағы бір футболшысы Педро Эуженио үздік үштікті түйіндеді. Португалиялық шабуылшы өткен айда бес гол соқты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×