Олжас Абраев: «Ұлттық құраманың бұл жетістігі жанкүйерлеріміздің жүрегі мен жадында мәңгі сақталады»

14.06.2022, 20:45
ҚФФ бас хатшысы ойыншылар мен бапкерлер штабына, сондай-ақ жанкүйерлерге алғыс айтты.
Олжас Абраев: «Ұлттық құраманың бұл жетістігі жанкүйерлеріміздің жүрегі мен жадында мәңгі сақталады»

ҚФФ бас хатшысы Олжас Абраев Қазақстан құрамасының тарихи жетістігіне қатысты пікір білдірді:

- Ұлттық құраманың жетістігі қазақстандық футбол тарихында алтын әріптермен жазылып қана қоймай, жанкүйерлеріміздің жүрегі мен жадында мәңгі сақталады. «Астана Арена» стадионында орын алған атмосфераға кез келген еуропалық команда қызыға және қызғана қарайды. Жанкүйерлер - біздің басты күшіміз және негізгі ойыншымыз! Олардың қолдауы шынайы және жоғары деңгейде болды. Дәл біздің футболшылардың ойынындай. Команданың жаттықтырушылар штабы ерекше құрметке лайық. Бапкерлер мен футболшылар біріге отырып, мүмкін емес нәрсені жасады. Төрт матчта ойыншылар бар күші мен эмоциясын жасыл алаңда қалдырып, орасан зор еңбек етті. Бұл Қазақстан құрамасы және барлық жанкүйерлер үшін үлкен жетістік. Осы нәтижеге атсалысқан барша жандарды құттықтаймыз! Қазақ елі жасасын!

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×