«Тобылдың» Чемпиондар лигасындағы алғашқы қарсыласы белгілі болды

14.06.2022, 21:25
Қостанайлық «Тобыл» бірден қиын қарсыласқа тап болды.
«Тобылдың» Чемпиондар лигасындағы алғашқы қарсыласы белгілі болды

«Тобыл» Чемпиондар лигасының алғашқы іріктеу кезеңінде венгриялық «Ференцварошпен» ойнайды

Қос команда арасындағы алғашқы матч 5/6 шілдеде (Қостанайда), ал жауапты ойын 12/13 шілдеде (Венгрияда) өтеді. 

Биылдан бері «Ференцварошты» Ресей құрамасының бұрынғы бапкері Станислав Черчесов жаттықтыруда. Будапешт қаласының атынан шығатын бұл команда 2019 жылдан бері Венгрия чемпионы атанып келе жатыр. «Ференцварош» ел біріншілігінде 33 мәрте топ жарған және бұл көрсеткіш бойынша Венгриядағы ең мықты команда болып саналады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×