«Қайрат» екі жас футболшымен толықты

15.06.2022, 00:54
Екеуі де «Қайрат-Мәскеу» сапында өнер көрсетіп жүрген еді.
«Қайрат» екі жас футболшымен толықты

«Қайрат» футбол клубы «Қайрат-Мәскеудің» қорғаушысы Әділет Садыбековты қатарына қосқанын хабарлады. Ойыншымен келісім-шарт 2024 жылдың соңына дейін есептелген.

ӘдІлет - «Қайрат» футбол клубының түлегі. Өткен маусымда «Қайрат-Мәскеу» сапында 11 ойын өткізген.

«Қайрат-Мәскеу» командасында өнер көрсеткен жартылай қорғаушы Ален Айманов та алматылық клубқа қосылды. Ойыншымен келісім-шарт 2023 жылдың соңына дейін жасалды.

Өткен маусымда Айманов «Қайрат-Мәскеу» жейдесінде 22 ойын өткізіп, 1 гол соққан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×