Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы (ҚКФЛ) 2022 жылғы наурыз айының қорытындысы бойынша ел біріншілігінің үздік ойыншысын анықтады.
Үздіктерді анықтау барысында сауалнамаға қатысушы бапкерлер мен капитандар үш ойыншыдан тұратын тізімін атады.
Сауалнама қорытындысы бойынша өткен айда Қазақстанның үздік футболшысы болып алғашқы үш турда 4 голдың авторы атанған «Қайраттың» сұрмергені Хосе Канте атанды. Жалпы алғанда, шабуылшы 62 ұпай жинады.
Екінші орынды ақтаулық «Каспийдің» жартылай қорғаушысы Рати Ардазишвили иеленді. Үздік үштікке «Ақтөбе» футбол командасының жартылай қорғаушысы Уго Видемон ілікті.
Біздің серіктес: FONBET