Премьер-лиганың наурыз айындағы үздік бапкері белгілі болды

02.04.2022, 15:52
Үш матчта жеті ұпай жинаған «Каспий» бапкері алты дауысқа ие болып, үздік атанды.
Премьер-лиганың наурыз айындағы үздік бапкері белгілі болды

Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы (ҚКФЛ) ел біріншілігіндегі командалардың бапкерлері арасында сауалнама өткізді. 

Сауалнама қорытындысы бойынша, «Каспий» футбол клубының бас бапкері Николай Костов үздік атанды. Ақтаулықтар наурыз айында өткізген үш ойында 7 ұпай жинады. Костовқа 14 бапкердің алтауы өз дауыстарын берді. 


Екінші орынды «Қайраттың» бас бапкері Құрбан Бердиев иеленді. Наурыз айындағы турлардан кейін Құрбан Бекиұлы шәкірттері турнир кестесінде көш бастады. 

Үздік үштікті «Ақсу» командасының бас бапкері Руслан Костышин түйіндеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×