«Қайсар» бразилиялық қорғаушымен келісім-шарт жасасты

02.04.2022, 15:36
«Қайсар» футболшының халықаралық деңгейдегі алғашқы клубы екен.
«Қайсар» бразилиялық қорғаушымен келісім-шарт жасасты

Қызылордалық «Қайсар» бразилиялық қорғаушы Жоау Педро де Оливейраны қатарға қосты.

«Қайсар» Жоаудың халықаралық деңгейдегі алғашқы клубы болып табылады. Ол осы уақытқа дейін тек Бразилия чемпионатында өнер көрсеткен. Атап айтсақ, «Сан Хосе», «Ред булл Бразилия», «Таубате», «Унай», «Сантос», «Гремио», «Соуза» және «Ферровиарио» командаларының намысын қорғаған.

21 жастағы қорғаушы жаңа маусымда «Қайсардың» алға қойған міндеттерін орындауға атсалыспақ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×