Премьер-лиганың наурыз айындағы үздік ойыншысы анықталды

02.04.2022, 18:31
«Қайрат» шабуылшысы үш матчта төрт гол соқты.
Премьер-лиганың наурыз айындағы үздік ойыншысы анықталды

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы (ҚКФЛ) 2022 жылғы наурыз айының қорытындысы бойынша ел біріншілігінің үздік ойыншысын анықтады.

Үздіктерді анықтау барысында сауалнамаға қатысушы бапкерлер мен капитандар үш ойыншыдан тұратын тізімін атады. 


Сауалнама қорытындысы бойынша өткен айда Қазақстанның үздік футболшысы болып алғашқы үш турда 4 голдың авторы атанған «Қайраттың» сұрмергені Хосе Канте атанды. Жалпы алғанда, шабуылшы 62 ұпай жинады.


 Екінші орынды ақтаулық «Каспийдің» жартылай қорғаушысы Рати Ардазишвили иеленді. Үздік үштікке «Ақтөбе» футбол командасының жартылай қорғаушысы Уго Видемон ілікті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×