Протасов «Астанаға» «алтын» әпере ме?

15.11.2011, 18:09
Протасов «Астанаға» «алтын» әпере ме?

Белгілі футболшы, бұл күндері бапкерлік қызметпен айналысатын Олег Протасов енді қазақ жерінде еңбек етіп көреді. Ол жуырда «Астана» командасымен 1+1 схемасы бойынша келісімшартқа қол қойды. Яғни Протасов өзіне жүктелген міндетті орындай алса, клуб онымен тағы бір жыл жұмыс істейтін болады. «Астана» командасы биыл неміс маманы Хольгер Фахпен бірге біріншілік жүлдесінен құр қалды. Чемпионаттағы тартыс аяқталмай жатып-ақ Фахтың командадан кететіні мәлім бола бастады. Неміс маманы ұжымдағы сәтсіздікті селекция жұмыстарындағы олқылықтармен байланыстырған еді. Енді «Астананы» өрге сүйреу кезегі Олег Протасовқа тиіп отыр. Ол бапкер ретінде Грекияның «Олимпиакос» және Ираклис», Кипрдің «АЕЛ», Румынияның «Стяуа», Украинаның «Днепр», Ресейдің «Кубань» және «Ростов» командаларымен жұмыс істеді. Бапкер Протасовтың ең жемісті маусымы ретінде 2003 жылды айтуға болады. Өйткені ол аталған мерзімде «Олимпиакос» командасымен бірге Грекия чемпионатын жеңіп алды. Дәл осындай міндетті оған астаналық ұжымның басшылары да жүктеп отыр. 2012 жылы Олег Протасов жаттықтыратын «Астана» Қазақстан біріншілігінде алтын жүлдеге ие болуы тиіс.

АйҚЫН

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×