Жауапты матчтар. Жолдама анықтау

15.11.2011, 08:59
Жауапты матчтар. Жолдама анықтау

Бүгін түнде Еуропаның 4 мемлекетінде Еуро 2012-ге жолдама беретін шешуші төрт кездесу өтеді. Алғашқы ойында жақсы жағдай жасап алған Хорватия мен Ирландия енді өз алаңдарында сол есеп айырмасын ұстап қалуды көздейді. Ал, Португалия мен Черногория жанкүйерлер көмегімен, гол соғуды армандайды. Түн жарымда ұйқымызда төрт бөлгелі тұрған ойындарға ғаламтор желісінде пайда болып жатқан сұқбаттар мен пікірлерге шолу жасап өтсек.

Лука Модричтің айтуы бойынша Загребтегі ойында бір минутқа да босаңсымау керек екен. Түріктер қателікті толығымен пайдаланып кететін команда дейді Лука. Десе де, Гус Хиддинк командасына Еуроға шығатын жол жоқ секілді. Сырт алаңда үш гол айырмасын қайтару мүмкін емесшаруалар қатарынан.

Ал Эстония  сырт алаңда есеп айырмасын қалпына келтірмесек те жақсы өнер көрсетеміз деп отыр. Оларға қалай да жеңіс керек  екен.  Костантин Васильев Эстонияның осы кезеңге жеткенінің өзі жақсы нәтиже екенін баса назар қойып айтты. "Жанкүйерлер осы циклды біздің жақсы аяқтауымызды күтеді. Сондықтан сырт алаңда тек қана жеңіске ұмтыламыз. Ирландияға қарсы қалай ойнау керектігін енді түсінген дейміз", деді Эстония ұлттық құрамасының ойыншысы.

[caption id="" align="aligncenter" width="472" caption="Черногория екі доп айырмасын қайтара ала ма?"][/caption]

Сырт алаңда екі гол жіберіп алған Черногория ойыншылары ашулы. Подгорицеде өтетін кездесуде олар ешкімді аяйын деп тұрған жоқ. Вучинич бастаған жігіттер өз алаңында екі доптың есесін қайтаруды ойлайды. Бірінші ойында шынымен де чехтардың жолы болды. Алдымен есеп ашып алған соң асықпай қимылдап, ойынның соңғы минутында Сивоктың белсенділігімен есепті еселеп кетті. Мұндай нәтижені қақпашы Петр Чех "өте кермет" деген бағамен ұштастырды.

"Егер дәл осы нәтижені бізге матч алдында ұсынса, біз еш ойланбастан бұл есепке келісер едік" деді, "Челси" қақпашысы. Ал, Черногория бас бапкері Бранко Брнович әлі ештеңе жоғалған жоқ дейді. Екі бөлімді серияның екінші жартысында жіберген қателікті қалпына келтіруге болады деп есептейді бас бапкер.

Чехия ойыншылары да баспасөзге берген сұқбаттарында Черногория ойыншыларының шабуыл шебінде кермет ойнайтындығын айтты. "Олар бізді үш шабуылшымен қымпаққа алғанда, жанымыз қысылды. Бірақ, біздің қорғаныс та оңай емес дейді чез ойыншылары.

Басқа кездесулердің ішіндегі осы ойынға Еуропада назар ерекше. Сенсация болып қалуы ықтимал деген де жорамалдар өріп жүр. Дегенмен, алаң иелері бұл ойында қолдан келгеннің бәрін істейтіндігі анық.

Криштиану Роналды өзінің жаман түстерінде "Былиное поле" стадионын көретін шығар. Себебі, алаң, емес бақшаға көп ұқсайтын стадионда доп тебу Роналдуға өте қатты әсер етті. Тепкен добы нысанаға дәл ұшпай, Криштианудың зығырданын әбден құртқан болатын. Енді Португалиядағы жауапты кездесуде "Реал" жартылай қорғаушысын ондай мәселе мазаламаса керек. Нани, Криштиану, Пепе секілді жігіттер өз алаңында көп шабулдауға тиіс. Әйтпесе бұл жолы Босниялықтар да қарап қалайын деп отырған жоқ. Ибричич пен Джеко өткен ойында салмаған голдарын осы жолы ұруы да ықтимал. Себебі, олар да Еуропаның керемет жасыл алаңдарында ойнап үйренгендер.

Жанкүйерлер назарына айта кетер болсақ, алдымен Хорватиядағы кездесу басталады. Астана уақытымен түнгі сағат 1-ден 5 минут кеткенде басталған бұл ойынға артынша Черногория-Чехия кездесуі жалғасады.Хорватия-Түркия кездесуін Россия 2 арнасынан тамашалай аласыздар.

1:45 минут кеткенде Ирландиядағы ойын басталады. Оны сіздерНтв плюс Спорт арнасынан көре аласыздар. Ал Португалиядағы қызықты кездесуде сіздер түн ортасы сағат үште көресіздер. Россия 2 арнасы осы оййынды да көрсетуді жоспарлап отыр.

Шолу жасаған Ермұхамед МӘУЛЕН

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×