«Пари Сен-Жермен» «Портумен» орталық жартылай қорғаушы Витиньяның трансфері туралы ортақ мәмілеге келді, деп хабарлайды журналист Фабрицио Романо.
Дереккөздің айтуынша, футболшы мен париждік клуб жеке келісім-шартқа қатысты мәселені шешіп қойған. Франция чемпиондары португалиялық ойыншының трансфері үшін 40 миллион еуро төлеуі тиіс. Витинья жаңа спорт директоры Луис Кампос келгеннен кейінгі ПСЖ-ның алғашқы трансфері болды.
Витинья 2020 жылдың қыркүйегінен 2021 жылдың маусымына дейін «Вулверхэмптон» сапында жалдау шарты бойынша өнер көрсетті. Жартылай қорғаушы өткен маусымды «Портуда» өткізіп, команда үшін 47 матчта төрт гол соқты, бес нәтижелі пас берді.
Біздің серіктес: FONBET