«Арсенал» «Лестер» футболшысымен келіссөздер жүргізуде

18.06.2022, 16:48
«Зеңбірекшілер» бельгиялықты жазғы трансфер терезесіндегі басты нысанасы ретінде белгіледі.
«Арсенал» «Лестер» футболшысымен келіссөздер жүргізуде

«Лестердің» жартылай қорғаушысы Юри Тилеманс мансабын «Арсеналда» жалғастыруы мүмкін. «Зеңбірекшілердің» басшылығы ойыншының трансферіне қатысты «түлкілермен» келіссөздерді бастап кетті, деп хабарлайды журналист Фабрицио Романо.

Бұған дейін «канонерлер» ойыншы үшін шамамен 50 миллион еуро төлеуге дайын екендігі туралы ақпарат пайда болған еді. Бельгиялық жартылай қорғаушының «Лестермен» келісім-шарт мерзімі 2023 жылы аяқталады. Футболшыға «Реал Мадрид» пен «Ливерпуль» де қызығушылық танытуда.

25 жастағы Тилеманс «Лестерге» 2019 жылдың қаңтарында «Монакодан» ауысып келген еді. Содан бері бельгиялық жартылай қорғаушы 158 ойынға қатысып, 24 гол соқты, 24 нәтижелі пас берді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×