“ПСЖ” Брэдли Барколаның трансферлік ақысын мерзімінен бұрын толық төлеп, “Лионды” Лига 2-ге түсіп кетуден құтқаруға тырысты

28.06.2025, 12:00

Францияның "ПСЖ" клубы қиын жағдайға тап болған “Лионға” қолдау көрсету мақсатында Брэдли Барколаның трансфері үшін төленетін 45 миллион еуро + 5 миллион еуро бонус сомасын мерзімінен бұрын, бір жолда төлеуге шешім қабылдағанын RMC Sport хабарлады.

“ПСЖ” Брэдли Барколаның трансферлік ақысын мерзімінен бұрын толық төлеп, “Лионды” Лига 2-ге түсіп кетуден құтқаруға тырысты

Бастапқыда бұл төлемді бірнеше жылға бөліп төлеу жоспарланған еді. Алайда “Лионның” қаржылық дағдарысқа ұшырауы және Лига 2-ге түсірілу туралы шешім қабылданғаннан кейін, "ПСЖ” осы соманы дереу толықтай аударуға шешім қабылдады.

Бұл қадам “Лионның” қаржылық есебін жақсартуға мүмкіндік беріп, олардың Лига 1-де қалу үмітін қайта жандандыруы мүмкін. Қазірше шешім түпкілікті емес. “Лион” шағым түсіріп, сондай-ақ CNOSF (Францияның ұлттық олимпиадалық және спорттық комитеті) пен сот органдарына жүгінуді жоспарлап отыр.

Еске сала кетейік, Брэдли Баркола 2023 жылдың тамыз айында “Лионнан” "ПСЖ"-ге ауысқан болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×