Виктор Гёкереш “Манчестер Юнайтедке” қосылуға дайын екенін мәлімдеді

28.06.2025, 13:30

Португалияның “Спортинг” клубының орталық шабуылшысы, Швеция құрамасының ойыншысы Виктор Гёкереш Англияның “Манчестер Юнайтед” клубына ауысуға дайын екенін ресми түрде білдіргенін TEAMtalk хабарлады.

Виктор Гёкереш “Манчестер Юнайтедке” қосылуға дайын екенін мәлімдеді

27 жастағы оған бұған дейін Англияның тағы бір алпауыты “Арсенал” қызығушылық танытқаны туралы ақпарат тараған болатын. Алайда ол “Юнайтедке” қосылуға нақты ниетті екенін жеткізіп отыр.

Өткен маусымда Гёкереш барлық турнирде 52 матчқа қатысып, 54 гол соғып, 13 нәтижелі пас берген. Қазіргі уақытта оның “Спортинг” клубымен жасалған келісімшарты 2028 жылдың жазына дейін жарамды.

Transfermarkt порталының дерегіне сүйенсек, футболшының қазіргі нарықтық бағасы 75 миллион еуро.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×