“Арсенал” жанкүйерінен “Арсенал” ойыншысына дейін: Майлз Льюис-Скелли “Арсеналмен” 5 жылдық келісімшарт жасады

28.06.2025, 15:00

2018 жылы кішкентай Майлз Льюис-Скелли Ағылшын Премьер лигасының “Арсенал” — “Уотфорд” арасындағы матчқа әжесі мен марқұм атасымен бірге келген. Ол кезде ол көпшіліктің арасындағы қатардағы бір жанкүйер еді. "Арсеналдың" әр ойынын қалт жібермейтін, стадионда отырған кезінде көзінде от, жүзінде үміт, жүрегінде арман бар кішкентай бала.

“Арсенал” жанкүйерінен “Арсенал” ойыншысына дейін: Майлз Льюис-Скелли “Арсеналмен” 5 жылдық келісімшарт жасады

Майлз Льюис-Скелли бүгінде “Арсеналдың" жарқын жұлдызына айналды. Ол тек талантты футболшы ғана емес, сонымен қатар еңбекқорлығы, тәртібі және клубқа деген сүйіспеншілігімен ерекшеленеді. 

Майлздың бұл жолындағы ең үлкен тірегі — отбасысы. Әсіресе, ол “Арсенал” матчына алғаш келген әжесі мен марқұм атасы оның футболдағы алғашқы шабыт көзі болған. Бұл сәттер оның жүрегінде өшпестей із қалдырған. Енді ол әр ойында, әр алаңға шыққанда солардың мақтанышы болуға тырысады.

Әлеуметтік желіде бұл оқиға мыңдаған жанкүйердің жүрегін жылытты. Көпшілік:

“Мынау – футболдың шынайы сұлулығы”,

“Бала арманы орындалыпты, көзіме жас келді…”,

“Атасы тірі болса, қандай мақтанар еді!”

деген секілді жүрекжарды сөздермен бөлісуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×