"Пари Сен-Жермен" испан қорғаушысы жөнінде "Арсеналмен" келіссөздерді бастады деп хабарлады The Guardian .
Басылымның мәлімдемесі бойынша француз клубы Эктор Бельерин үшін 28 млн еуро ұсынған. Көрсетілген суммаға қосымша 5,5 млн еуро бонус қосылуы мүмкін. Сондайақ қорғаушыны өз жейдесінде көргісі келетін клубтардың қатарында мюхендік "Бавария" мен туриндік "Ювентуста" бар. "Зеңбірекшілер" ұсыныстардың барлығын қарастырып өзіне тиімдісін ғана қабылдамақ.
Бельерин "Арсеналдың" қатарын 2011 жылы "Барселонадан" келіп толықтырған болатын. Трансфер құны 500 мың еуро. 25 жасар ойыншы өткен маусымда 15 ойынға қатысып (13-і негізгі құрамнан) бір голмен көзге түсті. Қорғаушының аталмыш ұжыммен келісімшарты 2023 жылы аяқталады.
Біздің серіктес: FONBET