“ПСЖ” Килиан Мбаппеден 98 миллион еуро талап етуде

14.05.2025, 16:30

“Париж Сен-Жермен” мен Килиан Мбаппе арасындағы қаржылық даулар шиеленісті. “ПСЖ” Мбаппені “уақытты созу тактикасы” арқылы клубқа қаржылық зиян келтірді деп айыптап, одан 98 миллион еуро көлемінде өтемақы талап етуде. 

“ПСЖ” Килиан Мбаппеден 98 миллион еуро талап етуде

Мбаппе, “ПСЖ”-ның 55 миллион еуро көлемінде жалақы мен бонустарды төлеуін қалайды. Алайда, команда бұл соманы төлеуден бас тартып, ойыншының клубқа зиян келтіргенін алға тартады.

Париждің азаматтық сотында өткен тыңдауда “ПСЖ” Мбаппенің қарызын дәлелдейтін жеткілікті дәлелдер ұсынбағанын мәлімдеді. Клуб Франция футбол лигасының (LFP) Мбаппенің пайдасына шығарған төлем бұйрығын жоюды сұрады.

“ПСЖ” Мбаппенің 2023 жылы клубпен келісімшартты ұзартудан бас тартқаннан кейін, оны қайтадан негізгі құрамға қосу үшін бонустардан бас тартуға келісім бергенін айтады. Алайда, Мбаппенің заңгерлері мұндай келісімнің ресми түрде расталмағанын және оның заңды күші жоқ екенін алға тартуда.

“ПСЖ” мен Мбаппенің арасындағы бұл даулар Францияның еңбек сотына (Prud’hommes) өтуі мүмкін. Екі тарап та өз талаптарын қорғап, заңды жолмен шешім табуға тырысуда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×