
Поляк қақпашысы Войцех Щесни өзінің “Барселонадағы” болашағы туралы шешімді әйелімен бірге қабылдайтынын мәлімдеді. Клуб оған 2027 жылға дейінгі екі жылдық келісімшарт ұсынғанымен, ол әлі нақты жауап бермеген.
“Көптеген тұрмыстық шешімдерді әйелім қабылдайды, және мен бұған ешқашан ұялмаймын.“ – деді Щесни Canal Plus арнасына берген сұхбатында.
Щесни 2024 жылғы Еуропа чемпионатынан кейін футболдан кететінін жариялап, отбасымен бірге Марбельяға көшіп, гольфпен айналысуды жоспарлаған. Алайда, “Барселонаның” негізгі қақпашысы Марк-Андре тер Штегеннің ауыр жарақат алуына байланысты, клуб оған шұғыл түрде ұсыныс жасап, Щесни футболға оралды.
Қазіргі уақытта Щесни әйелі, Украиналық әнші Марина Лученко-Щеснамен бірге болашақ жоспарларын талқылап жатыр. Олардың екі баласы бар, және отбасылық жағдайлар, соның ішінде балалардың мектеп мәселелері, шешім қабылдауда маңызды рөл атқарады.
“Барселона” клубы Щеснидің тәжірибесін жоғары бағалап, оның командада қалуын қалайды. Алайда, шешім қабылдау толықтай Щесни мен оның отбасына байланысты.
Біздің серіктес: FONBET