ПСЖ Килиан Мбаппенің орнын басатын ойыншы тапты

21.02.2021, 17:41
Мбаппенің трансферінен түскен ақша осы шабуылшыны сатып алуға жұмсалмақ.
ПСЖ Килиан Мбаппенің орнын басатын ойыншы тапты

"Тоттенхэм" клубының 27 жастағы шабуылшысы Харри Кейн франциялық "Париж-Сен-Жерменнің" назарына ілікті, деп хабарлайды Mirror.

Алайда, париждік клубтың бас бапкері Маурисио Почеттиноның Тоттенхэмде" бірге жұмыс істеген Харри Кейнмен қайта қосылуы тек бір жағдайда ғана орын алуы мүмкін - егер ПСЖ-дан "Реал Мадрид" қызығушылық танытып отырған Килиан Мбаппе кетсе.

Осы маусымда Кейн "Тоттенхэм" сапында 32 кездесуге қатысып, 21 гол мен 14 нәтижелі пастың авторы атанды. Оның лондондық клубпен келісім-шарты 2024 жылдың 30 маусымына дейін жарамды, ал Transfermarkt.de сайтының хабарлауынша, трансфер бағасы шамамен 120 миллион еуроны құрайды.

"Тоттенхэм" бұған дейін шабуылшыны 170 миллион еуро төлеген командаға жіберуге дайын екенін хабарлаған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×