«Жетісу» сапында жастар арасындағы әлем чемпионы қаралымда жүр

21.02.2021, 17:55
Қорғаушы Қазақстанға өткен жылы қоныс аударған еді.
«Жетісу» сапында жастар арасындағы әлем чемпионы қаралымда жүр

Meta-ratings.kz сайтына белгілі болғандай, нигериялық қорғаушы Алию Абубакар "Жетісу" клубының ОЖЖ-на қатысуда.

Қарағандылық "Шахтер" мен "Оқжетпестің" бұрынғы ойыншысы кеше ресейлік "Чертаново" клубына қарсы өткен жолдастық ойынға қатысты (1:2).

Бұған дейін ол беларуссиялық "Слуцк", финляндиялық "Кеми" және "КуПС", грузиялық "Дила Гори", тунистік "Бизертин" және израильдік "Ашдод" командаларында ойнады. 2013 жылы Абубакар 17 жасқа дейінгі жастар арасындағы әлем чемпионатында Нигерия жастар құрамасымен жеңіске жетті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×