ПСЖ өзінің ресми сайтында аргентиналық маман Маурисио Почеттиноның бас бапкер қызметінен босатылғанын хабарлады.
«Клуб Маурисио Почеттиноға және оның жаттықтырушылар штабына еңбектері үшін алғысын білдіреді және оларға болашақтағы бар жақсылықты тілейді», - делінген хабарламада.
Еске салайық, Почеттино ПСЖ-ны 2021 жылдың қаңтарында тізгіндеген болатын. Маурисионың жетекшілігімен париждіктер 84 матч өткізіп, Франция кубогі мен Суперкубогін жеңіп алды, сонымен қатар 10-шы рет ел чемпионы атанды.
Бұған дейін ПСЖ клубының Почеттино мен оның жаттықтырушылар штабына келісім-шартты мерзімінен бұрын бұзғаны үшін өтемақы ретінде 15 миллион еуро төлейтіні белгілі болған еді.
Біздің серіктес: FONBET