ПСЖ клубын үлкен өзгерістер күтіп тұр

05.06.2022, 20:25
Бас бапкер мен спорт директоры жақын күндері клубтан кетеді.
ПСЖ клубын үлкен өзгерістер күтіп тұр

Франция чемпионы атанған «Пари Сен-Жермен» жақында 50 жастағы аргентиналық маман Маурисио Почеттино және клубтың спорт директоры Леонардоны қызметінен босатады. Бұл туралы италиялық журналист Фабрицио Романо хабарлады.

Дереккөздің хабарлауынша, бас бапкер лауазымына үміткерлермен соңғы кездесулерді клуб президенті Насер Аль-Хелайфидің өзі өткізеді. Спорт директоры лауазымына «Лилльмен» 2020/2021 жылғы маусымда Франция чемпионы атанған Луис Кампос тағайындалады. Тараптар үш жылдық келісім-шартқа отырады деп күтілуде.

Жаңа функционер париждік клубқа бес жаңа ойыншыны алғысы келеді, оның екеуімен қазірдің өзінде ауызша мәміле жасасып үлгерген екен. Кампос ПСЖ сапында француз ойыншыларының көп болғанын қалайды. Сондай-ақ жаңа директор ПСЖ-дағы бірнеше ойыншымен қоштаспақ. Олардың қатарында қорғаушы Лейвин Курзава, жартылай қорғаушылар Андер Эррера, Идрисса Гейе, Жоржиньо Вейналдум, Леандро Паредес, сондай-ақ шабуылшы Мауро Икарди бар.

Кампос бас бапкер ретінде «Лилльді» чемпион еткен «Ниццаның» қазіргі тәлімгері Кристоф Галтьені көргісі келеді. Алайда, бірнеше күн бұрын БАҚ-та париждіктердің Жозе Моуриньоға қызығушылық танытқаны туралы ақпарат пайда болды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×