«Қайрат» 19 дүркін Қазақстан чемпионы атанды

06.06.2022, 01:00
Алматылық клуб финалдағы үш ойында да жеңіске жетті.
«Қайрат» 19 дүркін Қазақстан чемпионы атанды

Финалда алматылықтар Рудныйдың «Аят» командасын жалпы серияда 3:0 есебімен ұтты.

«Қайрат» алғашқы екі ойынды Алматыда қабылдап, 4:2 және 7:2 есептерімен жеңген еді. Бүгін Рудныйда өткен серияның үшінші кездесуінде Рикардо Кака командасы тағы да жеңісті тойлады - 4:2.

Ел чемпионатының күміс жүлдесін жеңіс алған «Аят» келесі маусымда УЕФА Чемпмондар лигасына қатысады.

Үшінші орынның иегері әлі анықталмады. Қола жүлде «Каспий» мен «Атырау» жұбының жеңімпазына бұйырады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×