«Пари Сен-Жермен» Лига кубогының финалында «Бастияны» жеңіп, бесінші рет аталмыш жарыста жеңімпаз атанды.
21-минутта Златан Ибрагимович пенальтиден есеп ашқан, артынша швециялық шабуылшы дубль авторы атанды. 80-ші және 90-шы минуттарда Эдинсон Кавани гол соғып, кездесудің нүктесін қойды. Қорытынды есеп – 4:0.
Айта кетейік, «ПСЖ» Лига кубогын қатарынан екі рет тарихында бес рет жеңіп алды.