ПСЖ қатарынан сегізінші рет Франция Суперкубогін ұтты

14.01.2021, 09:04
Қарсылас шақ келтірер емес.
ПСЖ қатарынан сегізінші рет Франция Суперкубогін ұтты

”Пари Сен-Жермен” 2020 жылғы Франция Суперкубогінің иегері атанды.

Париждік клуб финалда “Марсельді” 2:1 есебімен тізе бүктірді. 39 минутта Мауро Икарди есеп ашса, 85 минутта Неймар пенальтиден мүлт кетпей, ПСЖ-ның басымдылығын күшейтті. Ал 89 минутта Димитри Пайе таблодағы есепті 2:1-ге жеткізді.

Осылайша клубтың су жаңа бапкері Маурисио Почеттино бапкерлік мансабындағы алғашқы трофейіне қол жеткізді. Ал ПСЖ қатарынан сегізінші, жалпы оныншы суперкубокты қоржынына салды. Сонымен қатар 14-ші рет Суперкубокқа таласта бақ сынады. Соның онында мерейі үстем болып, төртеуінде қарсыласқа жол берген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×