«Қайрат» германиялық шабуылшыны сатып алуға жақын

14.01.2021, 16:47
Футболшыға тағы бір ҚПЛ клубы қызығуда.
«Қайрат» германиялық шабуылшыны сатып алуға жақын

Алматылық "Қайрат" "Падерборн" клубының 26 жастағы шабуылшысы Штрели Мамбаны сатып алуы мүмкін, деп хабарлайды Kicker.

Дереккөздің хабарлауынша, Мамбаға италиялық "Монца" мен германиялық "Кельн" клубтары қызығушылық танытқан, бірақ қазір ойыншы "Қайратқа" ауысу ықтималдығы жоғары. Неміс шабуылшысына аты аталмаған тағы бір ҚПЛ клубы қызығушылық танытып отыр.

Штрели Мамба "Падерборн" үшін 24 матч өткізіп, 5 гол соқты. Форвард бұл маусымда алаңға шыққан жоқ. Ол қазіргі команданың бас бапкерінің жоспарына енбеген.

Мамбаның "Падерборн" клубымен келісімшарты 2022 жылдың жазына дейін есептелген. Transfermarkt шабуылшының трансферлік құнын 1,2 миллион еуроға бағалап отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×