Алексей Щёткин: «Мені «Ротор» клубында жаңа қызықты сынақ күтіп тұр»

14.01.2021, 18:34
«Ротор» клубы ертең Түркияға оқу-жаттығу жиынына аттанатын болады.
Алексей Щёткин: «Мені «Ротор» клубында жаңа қызықты сынақ күтіп тұр»

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы Алексей Щёткин "Астанамен" келісімшарты аяқталғаннан кейін "Ротор" сапына ауысты. 29 жастағы шабуылшы Ресей Премьер-лигасына ауысу туралы пікірімен бөлісті. ⠀

"Мен клубтың мүшесі ретінде ойнаған уақыттағы сенім мен көрсеткен қолдауы үшін "Астанаға" алғыс айтамын! Бірақ бұл қуанышқа толы уақыт та өз мәресіне жетті. Дәл осы жылдар аралығында біз көптеген жеңістерге жеттік, титулдар жеңіп алдық, және ен бастысы - Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде өнер көрсеттік.

Мені РПЛ клубының құрамындағы жаңа қызықты сынақ күтіп тұр! Мен "Астанаға" алдағы уақытта жарқын жеңістер тілеймін!"- деді Щёткин "Астананың" баспасөз қызметіне берген сұқбатында.

Бұған дейін "Астананың" намысын қорғаған Иван Маевский мен Дмитрий Шомко да ресейлік клубтың қатарына қосылған болатын.

"Ротор" 14 ұпаймен РПЛ-де 19 турдан кейін 13-ші орында келе жатыр. Ресей Премьер-лигасы ақпан айының соңында өз жалғасын табатын болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×