«Жетісу» клубына жаңа бас бапкер тағайындалды

14.01.2021, 22:26
Өткен аптада клуб Константин Горовенконың дәл осы қызметке тағайындалғанын хабарлаған еді.
«Жетісу» клубына жаңа бас бапкер тағайындалды

31 жастағы қазақстандық маман Ринат Алюетов талдықорғандық «Жетісу» командасының бас бапкері болып тағайындалды. Келісімшарт бүгін жасалды және бір жылға жарамды.

Оның бапкерлер құрамына Рустам Усманов пен Денис Мамонов кірді. Қақпашылармен жұмыс істейтін бапкердің орны әлі де бос.

Еске салайық, 5 қаңтарда «Жетісудың» баспасөз қызметі Константин Горовенконың бас бапкер қызметіне тағайындалғанын ресми түрде жариялаған болатын.

Шығыс Қазақстан облысының тумасы Ринат Алюетов бұған дейін Өскемендегі «Алтай» футбол орталығында, кейін РКС-АЛАШ орталығында жұмыс істеген. 2020 жылдың маусымында ол «Жетісу Ж» командасының бас бапкері болып тағайындалды және өз конференциясында екінші орынға ие болды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×