«Тараз» клубының бас бапкері қызметіне басты үміткердің есімі белгілі болды

14.01.2021, 22:32
Дәл қазір клубты қазақстандық маман жаттықтыруда.
«Тараз» клубының бас бапкері қызметіне басты үміткердің есімі белгілі болды

44 жастағы сербиялық маман Милош Крушчич "Тараздың" бас бапкері қызметіне үміткер, деп хабарлайды KazFootball.kz.

Милош Крушчич ойын мансабын өз отанында бастаған, кейін алты маусым бойы "Ростовта" ойнады, ал 2007 жылы мансабын аяқтады.

2011 жылы жаттықтырушылық мансабын "Таразда" Любко Петровичтің көмекшісі ретінде бастады. Ол болгариялық "Литекс" пен сербиялық "Спартакта" да бапкердің көмекшісі болды. 2017 жылы сербиялық "Металац" клубына бас бапкер болып тағайындалды. Содан кейін "Земун" клубында жұмыс істеді.

2018 жылы ол болгариялық ЦСКА клубына сарапшы ретінде қосылды. Ал 2019 жылдың қазан айында ол дәл осы клубқа бас бапкер болды және 2020 жылдың шілдесіне дейін жұмыс істеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×