Пьянич «Челсиді» менсінбеді

07.06.2020, 23:59
Миралем Пьянич «Барселонаға» барайыншы депті.
Пьянич «Челсиді» менсінбеді

"Туттоспорт" сайтының хабарлауы бойынша Миралем Пьянич "Челсиге" ауысудан бас тартыпты. Себебі, ол "Барселонаға" ауысқысы келеді. Сол себептен өткенде ПСЖ мен МЮге де бармай қойған. Миралем пысықсынып "Барса" басшылығымен алдын ала келісіп те қойыпты деседі білетіндер. Жазғы трансферде бірден ауыспақшы. Қазргі мынау қиын дағдарыстың кезінде футболшылар алмастыру болмаса, сатып алуға көп клубтың ақшасы жоқ.

Мирәлем "Ювентусте" 2016 жылдан бері өнер көрсетеді. Оған дейін ол "Лион", "Мец", "Рома" секілді клубтарда доп тепті. 2008 жылдан бері Босния құрамасының ойыншысы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Алдыңғы жаңалық
Неймардың жаңа қызы
Серіктес жаңалықтары
×