Қадыров кубогінің соңғы ойынында «Ордабасы» Риганың «Даугава» клубынан жеңілді

03.02.2012, 03:30
Қадыров кубогінің соңғы ойынында «Ордабасы» Риганың «Даугава» клубынан жеңілді
"Ахмат-қажы Қадыров атындағы коммерциялық турнирінде топтық кезеңнің үшінші турында "Ордабасы" Риганың "Даугава" клубынан 1:2 есебімен жеңіліп қалды", - деп хабарлайды турнир ұйымдастырушысы ресейлік "Терек" клубының ресми сайты.   Өз ойындарының барлығында да жеңіліп қалған «Ордабасы» "А" тобында соңғы орыннан көтеріле алмай, турнирмен қош айтысты. Ал Грозныйдың "Терегін" 1:0 есебімен тізе бүктірген Румынияның "Рапиді" осы топта бірінші орынға ие болды. Нәтижесінде бұл топтан финалға румындар жолдама алды. Енді "Рапид" 3 ақпанда "В" тобының жеңімпазы Харьковтың "Металлист" клубымен кездеседі. Турнир жеңімпазы 100 мың еуроға ие болса, күміс жүлдегерге 70 мың еуро бұйырады. Ал үшінші орынға өз топтарында екінші орындарды иемденген "Терек" пен Бакудің "Нефтчи" командасы таласады  
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×