«Қайрат» алғашқы матчта «Кишвардаға» есе жіберді

22.07.2022, 02:55
Алматылық клуб еурокубокте дебют жасаған командадан ұтылып қалды.
«Қайрат» алғашқы матчта «Кишвардаға» есе жіберді

«Қайрат» Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңінде «Кишвардамен» кездесті. Алматыдағы Орталық стадионда өткен ойын 0:1 есебімен венгриялық клубтың пайдасына шешілді.

Матчтағы жалғыз әрі жеңісті голды 82-минутта алаңға қосалқы құрамнан шыққан Ясир Асани соқты. Алматылық клуб матч барысында қарсылас қақпасын 10 мәрте нысанаға алған. Бірақ екеуі ғана дәл ұшқан. Ал венгриялық клубтың жасаған 11 соққысының бесеуі Устименко қақпасына дәл барған.

Айта кетейік, қос команда арасындағы жауапты кездесу 28 шілдеде Венгрияда өтеді.

«Қайрат» – «Кишварда» – 0:1

«Қайрат»: Данил Устименко (қ) – Лев Кургин (Дамир Қасаболат 64), Маки Баньяк, Виктор Васин (к), Сұлтанбек Астанов – Әділет Садыбеков (Данияр Үсенов 74), Антон Крачковский (Вячеслав Швырев 84), Андрей Ульшин (Адам Адахаджиев 74) – Гүлжігіт Алықұлов (Артур Шушеначев 64), Жоао Пауло, Хосе Канте;

Қосалқы құрам: Вадим Ульянов (қ) – Егор Ткаченко, Александр Широбоков – Еркебұлан Сейдахмет;

«Кишварда»: Артём Одинцов (қ) – Андрей Петелеу (Матеус Леони 16), Антон Кравченко, Доминик Ковачич, Виктор Гей – Янис Карабелев, Бенце Этвеш (Эрик Чжерна 86), Рафал Маковски, Дритон Цамай (Ясир Асани 71), Ярослав Навратил (Богдан Мельник 71) – Ясмин Мешанович (к) (Марио Илиевски 86);

Қосалқы құрам: Отто Хиндрих (қ), Михаил Готра (қ) – Матеус Леони, Милош Вранянин, Имре Селеш – Лукас, Роланд Биро;

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×