Meta-ratings.kz сайтына белгілі болғандай, алматылық «Қайрат» Қазақстан чемпионатының 25-турында «Астананы» жеңгені үшін 235 мың доллар (100 миллион теңге) пайда тапты.
Бейресми ақпарат бойынша, үшінші тарап «Қайратқа» жеңіске жеткен жағдайда қомақты қаржы беруді уәде еткен.
Құрбан Бердыев шәкірттері жеңіске жеткендіктен қостанайлық «Тобыл» турнир кестесінде бірінші орынға шықты және чемпион болуға жақсы мүмкіндіктері бар.
«Астана» чемпион атану үшін Премьер-лиганың соңғы турында «Тұранды» жеңіп, «Тобылдың» «Ақжайыққа» қарсы ойында сәтсіздікке ұшырауын күту керек.
Біздің серіктес: FONBET