"Қайрат" Атырауда жеңісті жұлып әкетті

13.09.2015, 01:38
"Қайрат" Атырауда жеңісті жұлып әкетті
Алматылықтар қайта көш бастады.  Ел Премьер-Лигасының 25-турында "Атырау" "Қайратты" қабылдаған еді. Есепті алаң иелері ашты. Мақсат Байжанов орындаған айып добынан кейін камерундық легионер Эссаме Плотниковты қапыда қалдырды. "Мұнайшылар" капитаның голы ойынның 68-минутына дейін ойында жалғыз болып тұрған. Алайда, қонақтар капитаны Исламхан да өз сөзін айтты. Бауыржан есепті теңестіріп, маусымдағы өзінің жетінші голын салды. Ал, Владимир Вайсс командасына жеңісті біріншіліктің үздік сұрмерген Жерар Гоу дәл соққысымен алып келді. Үш ұпайды олжалаған "Қайрат" 29 ұпаймен турнир кестесінің көш басына шықты. Кеше қонақта "Ордабасыны" 3:2 есебімен жеңген "Астана" алматылықтарды екінші орынға сырғытқан болатын. Сонымен қатар, "Ақтөбе" чемпиондықтар тур өткен сайын ұзап барады. Йоан Андоне шәкірттері Павлодарда "Ертіске" 0:1 есебімен есе жіберген еді. "Атырау"-"Қайрат" ойынымен қатар, Таразда екінші алтылықтың кездесу болып өтті. Жергілікті "Тараз" бен көкшетаулық "Оқжетпес" маусымдағы ең үздік ойынды көрермендерге сыйлады. Кездесудің 79-шы минутына дейін Сүлей, Досмағамбетов, Жалмұқанов голдарынан кейін алаң иелері қонақтарды 3:0 есебімен ойсырата жеңіп жатқан. Бірақ, қалған уақытта Нүкебай, Цветкович, Гридин голдарының көмегімен "Оқжетпес" бір ұпай олжалап кетті. Қазақстан Премьер-Лигасы. 25-тур. 12-қыркүйек "Атырау" - "Кайрат" 1:2 (1:0) Голдар: Эссаме 17 - Исламхан 61, Гоу 84 "Тараз" - "Окжетпес" 3:3 Голдар: Сүлей 31, Досмағамбетов 56, Жұмаханов 79 - Нүкебай 79, Гридин 90+1, Цветкович 90+4. 11-қыркүйек "Ертіс" - "Ақтобе" 1:0 (0:0) Гол: Гетериев 83 "Ордабасы" - "Астана" 2:3 (1:1) Голдар: Тұңғышбаев 10, Юнузович 62 - Мужиков 25, Кабананга 56, Нөсербаев 90. 

Турнир кестесі

 

 
1  ҚАЙРАТ 25 15 6 4 50-17 29
2  АСТАНА 24 14 7 3 44-21 28
3  АҚТӨБЕ 25 13 8 4 28-14 25
4  ЕРТІС 25 9 9 7 31-28 21
5  АТЫРАУ 24 9 10 5 26-23 19
6  ОРДАБАСЫ 25 9 9 7 23-22 19

 

7-12 орындар.

 

7  ОҚЖЕТПЕС 25 9 4 12 29-37 18
8  ТОБЫЛ 24 8 4 12 25-36 16
9  ЖЕТІСУ 24 6 5 13 21-33 15
10  ТАРАЗ 25 7 5 13 20-29 14
11  ШАХТЕР 24 5 4 15 17-40 10
12  ҚАЙСАР 24 3 9 12 13-27 10

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×