"Челси" кезекті мәрте жеңіліс тапты

13.09.2015, 01:03
"Челси" кезекті мәрте жеңіліс тапты
"Манчестер Сити", "Кристал Пэластың" ізін ала "Эвертон" да Жозе Моуриньо командасын тізе бүктірді.   Лондондық Челси өз ойының таба алар емес. Екі апталық үзіліс те "ақсүйектер" ойыныңа өзгеріс әкеле қойған жоқ. "Эвертонға" қонаққа барған былтырғы чемпиондар 1:3 есебімен жеңіліп қайтты. Матчтың қаһарманы алаң иелерінің жартылайқорғаушысы Стивен Нейсмит болды. 29 жасар футболшы Асмир Бегович қорғаған қақпаны үш мәрте дәл нысанаға алып хет-трик авторы атанса, қонақтар сапынан Неманья Матич көзге түсті. Осымен "Челси" маусымда 5 ойын өткізіп, 3-еуінде жеңіліс тапты. 4 ұпаймен турнир кестесінің 15-орныңда. Эвертон - Челси 3:1 (2:1) Голдар: Нэйсмит, 18 (1:0), Нэйсмит, 22 (2:0), Матич, 36 (2:1), Нэйсмит, 82 (3:1).
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×