«Қайрат» Чемпиондар лигасының үшінші ірктеу кезеңіне өткен жағдайда қай командамен ойнайтыны белгілі болды

19.07.2021, 21:27
Үшінші айналымдағы алғашқы матч 3-4 тамызда, ал жауапты матч бір аптадан кейін өтеді.
«Қайрат» Чемпиондар лигасының үшінші ірктеу кезеңіне өткен жағдайда қай командамен ойнайтыны белгілі болды

«Қайрат» - «Црвена Звезда» жұбының жеңімпазы Чемпиондар лигасының үшінші айналымында «Алашкерт» (Армения) - «Шериф» (Молдова) жұбының жеңімпазымен ойнайды.

Бірінші матч 3 немесе 4 тамызда, қарымта матч бір аптадан кейін болады. «Қайрат» - «Црвена Звезда» жұбында үздік шыққан команда үшінші іріктеу кезеңіндегі алғашқы матчты өз алаңында өткізеді. 

Чемпиондар лигасының үшінші турында жеңіске жеткен командалар топтық кезеңдегі орынға таласуға мүмкіндік алады.

Чемпиондар лигасының үшінші турында жеңілгендер Еуропа лигасының плей-офф кезеңіне өтеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×