ЦСКА Алексей Березуцкийді бас бапкер етіп тағайындады

19.07.2021, 20:39
Григорий Бабаян бапкерлің ассистенті ретінде тер төгетін болады.
ЦСКА Алексей Березуцкийді бас бапкер етіп тағайындады

ЦСКА-ның бұрынғы футболшысы Алексей Березуцкий мәскеулік клубтың бас бапкері атанды. Ресейлік маман бұған дейін ЦСКА клубында бас бапкердің міндетін атқарушы ретінде жұмыс істеген еді.

Клубтың ресми сайтында 19 шілдеде Березуцкий алғаш рет команданы жолдастық кездесуге бас бапкер ретінде бастап шығатыны хабарланды. ЦСКА "ВЕБ Аренада" "Нижний Новгородпен" кездеседі.

Айта кетейік, қазақстандық маман Григорий Бабаян мәскеулік клубта бас бапкердің көмекшісі ретінде жұмыс істеуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×