Игорь Сергеев «Тобыл» ойыншысы атанды

19.07.2021, 18:24
Игорь қостанайлық клубта маусым соңына дейін ойнайды.
Игорь Сергеев «Тобыл» ойыншысы атанды

«Тобыл» футбол клубы Өзбекстан құрамасының шабуылшысы Игорь Сергеевпен келісім-шартқа отырды. 

Игорь Сергеев – «Пахтакордың» түлегі. Шабуылшы бұл командаға 2011 жылдың наурызында қосылды. Ал 2012 жылы Азия жастар Кубогінің, 2015 жылы Өзбекстан Жоғары лигасының үздік сұрмергені атанды. 

Сергеев осы жылдың басында «Ақтөбе» сапына қосылды және Қазақстан чемпионатында 7 гол соқты.

Игорь қостанайлық клубта маусым соңына дейін ойнайды. 77-нөмірді таңдағанын да айта кетейік.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×