Срджан Благоевич: «Біз жеңісті отбасылық трагедияны бастан кешірген адал жанкүйерлеріміздің біріне арнаймыз»

19.07.2021, 18:08
«Каспий» өз тарихында алғаш рет «Қайраттан» басым түсті.
Срджан Благоевич: «Біз жеңісті отбасылық трагедияны бастан кешірген адал жанкүйерлеріміздің біріне арнаймыз»

"Каспийдің" бас бапкері Срджан Благоевич "Қайратқа" қарсы өткен ойын (2:0) туралы пікір білдірді:

- Маған кеше біздің "Каспий" клубының тарихына енгенімізді айтты. "Қайратты" алғаш рет жеңген екенбіз. Барлығын осы мерекемен құттықтаймын! Осындай ақпараттан кейін біз өзімізді мақтан тұтуымыз керек. "Қайраттың" негізгі құрамының демалғанына қарамастан, біздің нәтижемізді төмендетуге болмайды.

"Қайрат" - чемпион, абырой мен үлкен күшке ие клуб. Біз әр қарсыластың деңгейіне қарамастан, барлық матчта бір мақсатпен ойнауға тырысамыз. Біз бір-бірімізге қарсы өткен соңғы ойыннан кейін ойын моделіне аздап өзгертулер енгіздік. Нәтиже біздің қателеспегенімізді көрсетеді. Ойыншыларға осы өзгертулерді қабылдап және оларды іс жүзінде қолданғаны үшін рахмет. Алайда, біздің ойыншылар мен біздің команда одан да батыл, агрессивті бола алатынын айта кетуім керек. Біз команда ретінде алға жылжу үшін үнемі аш болуымыз керек! Мен ойыншылардың өзімнен және жаттықтырушылар құрамынан одан да көп нәрсе талап ететінімді түсінгенін қалаймын. Олар да өздеріне барған сайын көбірек талап қоюы керек, себебі қазір қол жеткізген жетістіктермен қанағаттануға болмайды.

Алматыдағы стадионда бізді қолдаған "Каспий" жанкүйерлеріне рахмет. Олардың қолдауы біз үшін үлкен мәнге ие. Біз жеңісті отбасылық трагедияны бастан кешірген адал жанкүйерлеріміздің біріне арнаймыз. Біз ауырсыну сезімін ештеңенің баса алмайтынын білеміз, бірақ осындай сәттерде оған қуаныш сыйлай аламыз деп үміттенеміз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×